Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, жер бетінде 537 миллион адам диабетке шалдыққан. Ал 2045 жылға қарай олардың саны 800 миллионға жуықтауы мүмкін.
Салыстырмалы түрде алсақ, 1980-ші жылдары сусамырмен 100 миллиондай адам ауырған, яғни соңғы 43 жылда науқастар саны 5 есе өскен.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, қауіпті дерт соңғы 10 жылда көп тарала бастаған. Әсіресе Африка, Үндістан, Қытайда кеңінен етек жайған. Сарапшылар сондай-ақ диабет таяқшалары егде жастағы адамдармен бірге жасөспірімдерде де жиі байқала бастағанын айтады. Қант диабетінен жыл сайын миллионнан астам адам көз жұмады дейді дәрігерлер.
Дереккөз 24.kz