Қазақстан Ұлттық банкі 28 наурыздан бастап әйгілі эстрада әншісі, композитор Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналған коллекциялық монеталарды сатуға шығарады.
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы қолдана отырып дайындалған. Массасы 31,1 грамм, мөлшері 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана», - делінген Банктің хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстанның әйгілі эстрада әншісі, композитор Батырхан Шүкенов Қызылорда облысында туған.
1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді. 1987 жылы «Алматы» тобын құрды.
Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды. 1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Осы жылы «А-Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» әш кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Совет одағы аумағында танымал болды.
Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды. 2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды. 2009 жылы ЮНИСЕФ ерікті елшісі, 2010 жылы Алматыдағы Қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды.
Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұм Алматыда жерленді.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото liter.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через