Бүгін Алматыдағы бас шыршаның шамы жағылады

Бүгін Алматыдағы бас шыршаның шамы жағылады

Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, 20 желтоқсан күні Алматыда бас шыршаны жағу рәсімі өтеді.

Қаланың бас шыршасын жағу салтанатты рәсімі 20 желтоқсанда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Оған кез келген тұрғын мен қала қонақтары қатыса алады.

"Шырша шамдары ресми жағылған соң қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Бұған дейін Астанада қаланың бас шыршасы кеше, 19 желтоқсанда жағылған еді. 

Дереккөз Zakon.kz. Фото: ru.sputnik.kz