Су және ауа
Бүгін 3 қалада ауа сапасы бұзылады

8- мамыр күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.
Қазгидромет мәліметінше, жексенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Пікір қалдыру