Өмір сапасының әлемдік стандарттары

Британдық ірі энергетикалық компания банкротқа ұшырады

  Британдық ірі энергетикалық компания банкротқа ұшырады

              Ұлыбританиядағы ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі Bulb банкротқа ұшырады. Оған себеп газ бағасының тым шарықтап қымбаттауы мен  тұрақсыздығы болып отыр.           

              Buld компаниясының мәлімдемесінде өз тұтынушылары қорғалатындығын, жөнелтілімде ешқандай өзгерістер болмайтындығын және шоттардың қалдықтары қорғауға алынатындығын хабарланды.  Bulb компаниясын  басқаруға беру жөніндегі қабылданған шешім оңайға соқпағанын атап өтті.

               Sky News атап өткендей, Bulb Ұлыбританиядағы жетінші ірі энергетикалық компания болып табылады. Ол 2015 жылы құрылған. 

              Бұған дейін британдық БАҚ үкіметі елдегі жетінші энергия жеткізуші және 1,7 миллион адамға қызмет көрсететін Bulb компаниясының банкротқа ұшырауының төтенше жоспарын дайындап жатқанын хабарлаған. Энергетика саласындағы көздер компанияны сатып алатын бірнеше әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізілгені де айтылды.

              РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбританияда жыл басынан бері газ бағасының қымбаттауына байланысты 25 энергетикалық компания банкротқа ұшыраған көрінеді.

              Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы банкрот деп танылған Hertz автокөлік жалдау бойынша ең көне компаниялардың бірінің акциялары компанияның жеке инвестициялар консорциумынан сатып алу ұсынысын қабылдағаны туралы хабардан кейін ақ, 2021 жылғы 12 мамырдағы аукционда 68%-ға қымбаттады.  Мәміле шарттарына сәйкес Герц шамамен 7 миллиард долларға бағаланды.

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру