Бразилияда құрғақшылықтан балықтар қырылып жатыр

Бразилияда құрғақшылықтан балықтар қырылып жатыр

       Бразилияның оңтүстігінде құрғақшылық салдарынан балықтар жаппай қырылуда.

       Аймақтағы өзендер өлі балыққа толып қалған. Балықшылар күніне 15-20 тонна су жануарының өлетінін айтады. Аптап ыстыққа байланысты құрғаған су деңгейі төмендеп, балықтардың үйреншікті тіршілік ортасы бұзылған. Мамандар тез арада жаңбыр жаумаса, аймақта экологиялық апат болады деп қауіптенеді. Сондай-ақ құрғақшылық салдарынан елде азық-түлік және электр қуатының бағасы аспандап барады.

       Даниел де Матос Роса, балықшы:

       – Құрғақшылық балық кәсібін құрдымға жіберді. Қазір дұрыс балық кездестіру мүлде мүмкін емес. Тұтас экожүйе бұзылды. Асшаяндар да қырылып жатыр. Шығынға белшеден баттық. Осы категория бойынша: «Израильде электр қуатының бағасы өсті Путин мен Макронның кездесуі алты сағатқа созылды »
Ақпарат дереккөзі