Қордаланған қарызы көбейген азаматтардың құқын қорғау үшін биылдан бастап жаңа заң күшіне енді.
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев банкроттық туралы өтінішті 2023 жылдың 3 наурызынан бастап жазуға болатынын айтты.
– «2022 жылғы 30 желтоқсанда «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Банкроттық туралы өтініштерді қабылдау 3 наурыздан басталады», – деді Қаржы министрі.
Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:
– соттан тыс банкроттық;
– сот арқылы банкроттық;
– қабілеттілігін қалпына келтіру.
Банроттыққа қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Сондай-ақ азаматтарды қаржылық сауаттылығын арттыру үшін міндетті түрде курстан өткізу жоспарда бар.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через