фото: mail.kz
Халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-қа қашып кетуі мүмкін. Әйелі АҚШ азаматы болғандықтан, Шүменов те сол жерге кетуі әбден мүмкін дейді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Министрлік қазір барлық халықаралық мекемелер мен ұйымдарға, оның ішінде Интерполға сұраныс жіберген. Дегенмен Қазақстан мен АҚШ арасында экстрадициялау туралы келісім жоқ. Бірақ құқықтық көмек беру шарттары негізінде Шүменовті алдыртуға толық негіз бар.
18 маусымда Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде белгілі боксшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адаммен ерегісіп, соңы төбелеске ұласады. Боксшыға қатысты бұзақылық бабымен іс қозғалған. Ал Шүменовке уақытында шара қолданбаған полиция қызметкерлері жауапқа тартылып, жұмыстан қуылған.
Марат Ахметжанов ҚР Ішкі істер министрі: - Тергеу жүріп жатыр. Іздеу жарияланды. Енді соны тіркемеген қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылып жұмысынан босатылды. Ол шетелдің азаматы емес. Енді заң шеңерінде тергеу жүргізіледі.
Дереккөз ktk.kz. Фото mail.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через