фото: inform.kz
Көкшетау тұрғыны кешенді тест тапсыруға той көйлегімен келді.
Маңызды сәтте қалыңдықты күйеу жігіт те қолдап келген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа тұс келіпті. Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауды шешкен бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!», - деп жазды Руслан Емелбаев.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через