Дүние жүзінің бірқатар елінде коронавирус жұқтырғандар саны артқанмен, бизнеске шектеуден бас тартып жатыр. Ал Қазақстанда вирустың таралуын тоқтату үшін бизнестің жұмысы шектеледі. Ал оның салдарынан кәсіпкер шығынға батып қана қоймай, қызметін жауып тастауға мәжбүр.
Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев бизнесті құтқару үшін кәсіпкерлердің жұмысына қатаң шектеуді қысқартуды ұсынды.
«Бизнес жұмыс істесін. Бұл – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі әрбір ВАК-тағы тұрақты тезисі. 2019 жылдан бастап біз біртіндеп бірқатар шектеуді алып тастадық, бірақ олардың саны әлі де көп. Пандемияның бірінші жылында мемлекеттік органдардың дүрбелеңі айқын болды: олар қалай емдеу керегін білмеді, өлім-жітім жоғары болды, ауруханаларда орын жетпеді және басқа себептер болды. Бірақ, шынымен де, толқыннан толқынға дейін біз бизнестің жұмысын жабу мен шектеуден басқа күрес тәсілдерін таба алмаймыз ба», – деп жазды Палата өкілі Facebook парақшасында.
Сонымен қатар, ол қабылданған шешімдер жағдай талап еткеннен гөрі әлдеқайда қатал болып көрінетінін атап өтті.
Олжас Ордабаев халықаралық тәжірибені көрсетіп, коронавирус көп таралған елдерде бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік барын айтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через