Бізге макарон жетпей қала береді. Сауда министрі

Бізге макарон жетпей қала береді. Сауда министрі

Қазақстан өзін әлі азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Импортқа тәуелдіміз.

Сауда және ауыл шаруашылығы министрліктері осы мәселені қалай шешерін білмей бас қатырып жүр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: - Бізде шикізат жетеді. Мысалы, картоп, сәбіз, пияз. Тек оларды маусымаралық мерзімге сақтау мәселе болып тұр. Ішкі нарықта тауық, балық, алма, қант, сүт өнімдері сұраныс өте жоғары. Сол үшін біз сүт өнімдерін өндейтін фабрикалар салуды жоспарлап отырмыз.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, елімізде сары май, сүт, ірімшік, сүзбе, ашытылған сүт өнімін шығару азайып кеткен. Өйткені сүт жоқ. Енді осы шикізаттің жетіспеушілігін жою үшін Үкімет тағы да 100 миллиард теңге ақша бөліп, жылына 400 тоннаға жуық сүт өнімдерін шығаратын ферманы көбейтпек. Осылайша аққа деген сұранысты қанағаттандыру жоспарда бар.

Маусымаралық кезеңде орамжапырақ пен пияздың да дүкен сөрелерінен табылмай қалатыны жасырын емес.

Министрлер, әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидекке келгенде әлі де көрші елдің нарығына жалтақтап тұрғанын жасырмайды. Наннан тапшылық жоқ болса да, ұн өнімі не өзімізге жетпей, не шетелді қызықтыра алмай отыр екен. Оған сауда министрі де аң-таң.

Серік Жұманғарин, Сауда және интеграция министрі: - Маусымаралық кезде бізге макарон жетпей қала береді. Бұның себебін әлі түсінбедім. Мүмкін экспортқа кете ме, білмеймін. Бірақ мен шетелге көп шығамын. Оларға біздің макаронды сатуға тырысамыз, алайда ауыз толтырып айтатындай саудасаттық әлі жасамадық. Сапасы жақсы болғанымен, сұраныс аз. Алушыларды үйрету керек шығар.

Дереккөз ktk.kz. Фото sputnik.kz