Қазақстанда Урал мотоцклін құрастыру қолға алынады. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков осындай жаңалығымен бөлісті. Ол ресейлік өндірушінің Қазақстанда өндіріс ошағын ашуға шешім қабылдағанын жария етті.
Бірақ, ресейлік инвестор Ресей Федерациясындағы жұмысын да жалғастыра береді. Қазақстанда шығарылған мотоциклдер экспортқа да шығады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ural мотоциклдері өндірісінің Петропавлға көшірілетіні туралы ақпарат тара ған еді.
Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы жаңа өндірістер ашуға инвесторлардың ұсыныстарын қарауға әрқашан дайын. Соның ішінде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында жағдай жасалады», - деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Фото ru.frontrunnerzmotorcycleclub.com сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через