фото: pixabay.com
Былтыр демалушыларды 4 мыңға жуық орын қабылдады, деп хабарлайды ұлттық статбюро.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда туристер мен демалушылар 3 992 нысанда демалған.
Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22-ге артық.
Орналастыру орындарының негізгі үлесі немесе 55% — мейрамханасы бар/мейрамханасыз қонақүй, тағы 30% — үйлер, коттедждер және пәтерлер.
Түрлері:
мейрамханасы бар және жоқ қонақ үйлер — 2225
демалыс үйлері — 93
пансионат — 32
балалар лагері — 113
ауылды жердегі үйлер, коттедждер, пәтерлер — 1210
туристік базалар — 58
кемпингтер — 40
хостел — 140
басқа түрлері — 81
pexels.com
Айта кетейік, Қазақстанда «5 жұлдыз» санатында 25 қонақ үй, «4 жұлдыз» санатында 56 қонақ үй бар, ал 2 104 қонақ үйдің қандай да бір санаты жоқ.
Өткен жылдың 12 айында орналастыру орындары 229,2 млрд теңгеге 8,1 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4% артық.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через