фото: https://sputnik.kz
Біз шикізатқа әлі тәуелдіміз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында жаңа экономикалық саясат туралы айтты. Мемлекет экономикаға шектен тыс араласуын тоқтатады.
"Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Айтуынша, экономикалық саясаттың мақсаты өзгеріссіз қалады – халықтың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі.
Жаңа экономикалық бағдардың басымдықтары:
жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
бәсекелестікті дамыту, яғни барлығына тең мүмкіндіктер жасау; ұлттық табыстың әділ бөлінуі.
Президент бағаны әкімшілік реттеу бүкіл саланың инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, тауар тапшылығы мен импортқа тәуелділікке әкеп соғатынын атап өтті. Сол себепті мемлекеттің баға белгілеуге араласуын кезең кезеңмен тоқтату қажет.
Бірақ бұл бәсекелі емес нарықтарға қатысты емес. Яғни монополистердің тарифтері жіті бақылауда болады. Бірақ бақылау қысым көрсету дегенді білдірмейді, деді мемлекет басшысы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через