Бұл туралы облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Жандос Кенжебаев айтты, – деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алаяқтарға 586 жергілікті тұрғын 80 млн теңгесін берген.
«Өңірде 200 қаржы пирамидасының жолы кесілді. 2019-2021 жылдары WhatsApp мессенджері арқылы пайда тапқан «Айналайын жобасы 50%», «Асыл Инвест», «Оборот 30%» және «30% за 3 дня» секілді қаржы пирамидалары анықталды. Олардың әрекетінен 300-ден аса адам зардап шекті, 24 млн теңге шығын келді. Пирамидаларды ұйымдастырғандар бас бостандығынан айырылды», – деді Жандос Кенжебаев.
Бұған дейін қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел өзін-өзі өртеп жіберген болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через