Биыл темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды

Биыл темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды
фото: Бақ кз

Биылғы қаңтар-қазан айларында теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 16,6 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2% артық. Алайда жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеп, 13,6 млн ж-км құрады.

Жолаушылар жүрген ең танымал бағыт бұрынғыдай - Астана, 10 айдың ішінде 4,6 млн жолаушы елордаға билет сатып алды, одан кейін Ақтөбе облысына – 1,5 млн жолаушы, үшінші танымал бағыт – Қызылорда облысы - 1,3 млн жолаушы, - деп жазылған хабарламада.

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдаудан түскен табыс 100,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% артық.

ҚазАқпарат