Биыл «Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады – Алматы әкімі

Биыл «Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады – Алматы әкімі

Алматыда «Сайран» көлінің түбі тазартылып, аумағы абаттандырылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде жарияланды.

Әкімнің айтуынша «Сайран» көлі бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын болып табылады.

«1971-жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүрмеген. Біз биыл ақпан айынан бастап ауданы - 50 га болатын Сайран көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстарын бастаймыз. Жоспарға сәйкес жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Ол, сондай-ақ көлдің аумағын абаттандыру жұмыстары жайлы айтты.

«Биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамасы шығып, осы жылдың үшінші тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң, «Сайран» көлінің аумағын реконструкциялауды және абаттандыруды бастаймыз», - деді Ерболат Досаев.

Фото: YouTube