фото: eoq.org
2024 жылы Францияда өтетін Еуропалық сапа ұйымының (EOQ) жыл сайынғы конгресіне шақыру
Жетілдіру бастамалары бойынша бірінші еуропалық конгресс
Еуропалық сапа конгресі 1957 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан ауқымды іс-шара. Бұл жиынға Еуропадан және әлемнің әр елінен кәсіби мамандар соңғы жетістіктермен танысуға, үйренуге және тәжірибе алмасуға келеді.
EOQ Конгресі 2024 Реймс қаласында (Франция) 2024 жылдың 14-15 қарашасында өтеді.
Өтетін орны
Конгресс Реймстің конференц-орталығында өтеді. Оған Еуропаның негізгі экономикалық орталықтарынан баруға және Парижден пойызбен небәрі 45 минутта жетуге болады.
Қаланың қақ ортасында өте жақсы жерде орналасқан. Бұл жерге тарихи орталықтан, жоғары сапалы қонақ үй кешенінен, дәмхана мен мейрамханалардан жаяу жүріп баруға болады, сондай-ақ жүрдек пойыздар қатынайтын вокзалдан да қашық емес.
«EOQ 2024» конгресін конферансье және спикерлердің жаттықтырушысы Марк Антуан жүргізеді.
Конгрестің ұраны: «Сапа - олимпиадалық өнердің катализаторы»
Бағдарламада: пленарлық отырыстар, тақырыптық сессиялар, дөңгелек үстелдер.
Сіздерді Конгресске қатысуға шақырамыз!
Орныңызды 2024 жылдың 31 мамырына дейін брондауды ұмытпаңыз!
Орындарды брондау және Конгресс өтетін жерге дейін қолдау көрсету мәселесі бойынша менеджерге хабарласыңыз: + 7 727 2 74 93 92, berlissugirov.i@standard.kz.
Людмила Циновкина, кеңесші, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 менеджмент жүйелері бойынша семинарлар мен тренингтердің жетекшісі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через