фото: https://sputnik.kz
Биыл кәсіпкерлікті дамыту туралы ұлттық жобаға 1,5 трлн теңге бөлінді
Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 33,8%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Үкімет отырысында Қуантыров 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Ұлттық жобаны іске асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау, жаңа тауашаларды қалыптастыру, бәсекелестікті кешенді дамыту. Барлығы 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара айқындалған.
Былтыр ұлттық жобаның іс-шараларын қаржыландыруға 897 млрд теңге бөлінсе, биыл 1,5 трлн теңге жоспарланған, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат 1,1 трлн теңгеден асады.
"2022 жылы мынадай елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу, 175 мың жаңа жұмыс орнын ашу, "Бастау бизнес" аясында оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр", - деді Қуантыров.
Сонымен қатар 700 мың адамды жұмыспен қамту, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесін 7,1 %-ке дейін жеткізу жоспарланған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через