Биыл еліміздегі автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты

Биыл еліміздегі автопарктер 2,5 мың жаңа автобуспен толықты
фото: sputnik.kz

Республиканың барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын. Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілді. Бұл тозу деңгейін 13 пайызға дейін төмендетті (46%-дан 33%-ға дейін).

Сондай-ақ жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электронды жол ақысын төлеуге көшті. Өз кезегінде автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустар арасындағы ұзақтықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.

Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда жолаушылар саны 9%-ға артып, 1,5 млрд жолаушыны құрады.

ҚазАқпарат