Бүгін еліміздің мектептері мен оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды.
Дәстүрге сай 1 қыркүйек елімізде алғашқы қоңырау салтанатты шарасы ретінде аталып өтіледі. Басқаша айтқанда, бүгін – Білім күні!
Бүгін - бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаса, жасөспірімдер колледж және университетке түсіп студент атанып жатыр.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2022-2023 оқу жылында елімізде 3,6 млн бала 7 637 мектепте білім алады.
Балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны кезінде ата-аналардан 400 мың өтініш түскен. Өтініш берушілердің 70%-дан астамы қазақ тілінде оқуды таңдаған.
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 280 мыңдай балаға орын жетпейді. 2025 жылға қарай бұл сан 1 млн орынға жетуі мүмкін. «1000 мектеп» жобасының аясында былтыр 270 мектеп салынса, биыл 225 мектепті қолданысқа беру көзделген.
192 күн демалыс, 173 күн сабақ. Биылғы оқу жылының басты жаңалығы 5 күндік оқу аптасы болып отыр.
Сондай-ақ, биыл елімізде оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтың бірі бала құқықтары жөніндегі жергілікті өкілдер тағайындалды.
Биылдан бастап ел өңірлерінде бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіліп жатыр. Енді әр аймақтың өз өкілі болады. Олардан балалар да, ата-аналар да көмек сұрай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: news.myseldon.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через