Биыл 15 жасқа толған балалардың әрқайсысы кәмелет жасына дейін 130 доллар алады

Биыл 15 жасқа толған балалардың әрқайсысы кәмелет жасына дейін 130 доллар алады
фото: https://stan.kz/

Биыл 15 жасқа толған балалардың әрқайсысы кәмелет жасына дейін 130 доллар алады

1 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық жолдауында Ұлттық қордан қаражат бөліп, әрбір балаға 17 жасқа толғанша қаржы бөліп тұратын жаңа қор құруды ұсынған. Төменде көрсетілген кестеден қорға түсетін соманың болжамды мөлшері мен жылда түсіп тұратын қаражатты біле аласыздар.

Балалар фонд 2022

Президент жолдауында әрбір отбасының ел байлығынан өз үлесін алуы қажет екенін айтқан.

"Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың әлеуметтік жинақ шотына аударылуы қажет. Бала кәмелетке толмайынша бұл жиналған қаражат алынбайды. Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге сенімді аяқ басуына жолдама болады. Қор ұлттық мәртебеге ие болып, халыққа қызмет етеді",  – деп сендірген Тоқаев.

Тоқаевқа балалар шотына Ұлттық қордан қаражат аудару шешімінен бас тарту ұсынылды.

"Ата-ананың қаражатқа қатысы болмайды": Министр Ұлттық қордан балалар есепшотына аударылатын қаржының қалай басқарылатынын айтты.

Төлем сомасы тарихи деректер, БҰҰ-ның демографиялық болжамы және  Ұлттық банктің соңғы 10 жылдағы Ұлттық қордың валюталық активтерінің орташа кірістілігі туралы деректері негізінде есептелген.

Jusan Analytics сарапшыларының мәліметінше, 2024 жылы 17 жасқа толған жасөспірімнің шотына 2025 жылы 130 доллар түседі. Ал 2024 жылы дүниеге келген баланың шотына 2042 жылға дейін 3 025 доллар жиналады.

Мәтіндегі ақпарат туралы