Бірнеше қазақ киносы ағылшын тіліне аударылды

Бірнеше қазақ киносы ағылшын тіліне аударылды
фото: ашық дереккөз

«Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Махаббат бекеті» кинолары ағылшын тіліне дыбысталады. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі жазды.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көрер ме едіңіздер?, - делінген жазбада.

Ағылшынша аудармада:

Тайлақ - Lucas

Биші қыз - Lola

Сырлыбай би - Colin

Ермек Серкебаев - Johnibek

Орал - Chris

ҚазАқпарат