Бірнеше кәсіпорын мемлекетке қайтарылады

Бірнеше   кәсіпорын   мемлекетке  қайтарылады
фото: https://sputnik.kz

Бірнеше   кәсіпорын   мемлекетке  қайтарылады

Бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 проценті мемлекет меншігіне  қайтарылатыны  хабарланды.

Мемлекет  меншігіне  тағы  бірнеше  кәсіпорын  қайтарылады.

Үкімет республика меншігінің кейбір мәселесі туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес, "Көлік сервис орталығы" акционерлік қоғамының акция пакетінің 100%-ін сыйға тарту шарты  бойынша  республика  меншігіне  беру туралы  "Темір  Триумф"  ЖШС-ның   ұсынысы  қабылданды.

"Көлік сервис орталығы" АҚ – Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы. Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша "Integrity Solutions" ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін "Soft Art" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ін республика меншігіне береді.

"Bridge capital investments limited" жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін "Акмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС, "Топаз-НС" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ін береді.

"Көлік сервис орталығы" АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғы капиталындағы қатысу үлесі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, делінген қаулыда.


Мәтіндегі ақпарат туралы