Біреуді балағаттаған азамат 69 мың теңге айыппұл төлейді

Біреуді балағаттаған азамат 69 мың теңге айыппұл төлейді

Бұдан былай қоғамдық орындарда балағаттау қымбатқа түседі. Байқамай жаман сөз айтсаң, 69 мың теңге төлейсің. 

Ішкі істер министрлігі көпшілік орындарда «аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатындарды» осылай тезге салмақшы. Жыл басында президент қол қойған түзетулерге сәйкес, енді жеке тұлғаларды балағаттау ұсақ бұзақылыққа жатады.

Ал Заң нормаларындағы бұл өзгерістер 2023 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енеді.

Қоғамдық орындарда дөрекі сөйлеу қазір де арзан емес – 17 мың теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамалады.

Наурыз айынан бастап жеделсатыда дәрет сындыру секілді бөтеннің мүлкін бүлдіру деректеріне қатысты да жаза күшейеді. 

Қоғамдық орындарда дөрекі сөз айту, жеке тұлғаны балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, тұрғын үйжайларды, көліктегі және қоғамдық орындағы мүлікті қирату және басқаларға құрметсіздік білдіретін осыған ұқсас әрекет болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. Қазір ұсақ бұзақылыққа 17 250 теңге көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындайды. Енді айыппұл 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 69 000 теңге, ал қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды.      Азамат Құрымбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі.
 

Фото: m.1777.ru