Бір жыл ішінде емханаға бармаған адамның МӘМС төлемін қайтару керек – депутат

Бір жыл ішінде емханаға бармаған адамның МӘМС төлемін қайтару керек – депутат

Фото: kursiv.media

Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов бір жылда емханаға бармаған азаматтарға медициналық сақтандыруға кеткен қаражатының жартысын қайтарып отыру керек де санайды. Өйткені ол қаражат азамат ауырса да,ауырмаса төленеді Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жолдаған сауалында ЖСДП депутаты МӘМС мәселесін көтерді.

«Адамдардың ақшасы желге ұшпауы керек, көп ауыратын азаматтар үшін басқалар төлем төлеуге міндетті емес», деп санайды халық қалаулысы.

Депутат МӘМС жүйесінде олқылықтадың көп екеніне тоқталды. Ол медициналық ұйымдарда бөлінген мемлекеттік қаражаттың ашықтығына қатысты біраз мәселе бар екенін де тілге тиек етіп, цифрландыру үрдісі кенжелеп қалғанын айтты.

«Қазақстандағы экономикалық өндірістің жыл сайынғы өсуінде цифрлық технологиялардың үлесі небәрі 0,3 пайызды құрайтынын ескерсек, елімізде цифрландыру процесі қандай деңгейде жүріп жатқанын болжауға болады. Қазақстанда әрбір алтыншы адам МӘМС жүйесіне кірмегенін жақсы білесіз. Олардың басым бөлігі ауыл тұрғындары. МӘМС жүйесіне кірмеген азаматтарға медициналық қызмет көрсетілмейді. Оар ақшасыз өз еліне керек болмай отыр. Мұндай адамдар медициналық көмекке қалай жүгінуі керек? МӘМС төлемін ресми түрде төлемейтін қанша қазақстандық бар? Соған жауап беріңіздерші», деді депутат.

Сонымен бірге, 2022 жылдың қазан айында Қаржы мониторингі агенттігі «Ашық НҚА» порталында Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерге және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер тұжырымдамасының жобасын жариялады. Онда агенттік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, медициналық сақтандыру қорын қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімінен шығаруды ұсынған. Осыған байланысты депутат МӘМС қорын қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінен шығару шынымен де орынды ма, оның ашықтығы мен жариялылығын арттыру үшін не істелетінін сұрады. Бұл орайда МӘМС қызметкерлерінің жалақысын толық тексеру артық болмайтынын айтты.

Kurciv.kz