Мемлекет

"Бір жұмыртқаға 3 теңге: құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінді

  "Бір жұмыртқаға 3 теңге: құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінді

"Бір жұмыртқаға 3 теңге: құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау көлемі артатынын хабарлады.

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", - делінген хабарламада.

Қағида 2022 жылдың 30 маусымында ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.

Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді.

2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 миллиард теңге бағытталды.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құс саны 3,7% – 47,1 миллион басқа дейін өсті.

Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 миллион дананы құрады.

Ішкі нарық тағамдық жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіледі.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру