фото: tengrinews.kz
Өскемен қаласында бір жасар бала сақина жұтып қойды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «103» арнасына хабарласқан қала тұрғыны баласының сақина жұтып қойғанын айтты. Сақина тыныс алу жолын жауып, бүлдіршін тұншыға бастаған.
«Жедел жәрдем қызметкерлері сол жерге жеткенше диспетчер Елдос Әнуарханов телефон арқылы ата-анасына Геймлих маневрін жасауды түсіндіріп, қалай әрекет ету керектігін айтып отырды. Абырой болғанда, 1 жасар бала қайта тыныс ала бастап, аман қалды», - делінген ақпаратта.
Ата-анасы диспетчерге алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через