фото: / Volodymyr Tverdokhlib / Shutterstock.com
Бір мұғалімнің екі мектепте қатар жұмыс істеуіне болатын-болмайтынын Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев түсіндіріп берді.
Басқарма басшысы "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында өткен тамыз кеңесінің кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.
"Бір мұғалім 1,5 ставка немесе 1,5 ставкадан артық жұмыс істесе, ол ауыр болады. Себебі бір академиялық сағат, яғни 45 минут бойы сабақ берудің өзі қиын. Сол себепті егер мұғалім 40 сағат алып, таңертеңнен кешке дейін 8 сағат бойы тоқтамай сабақ беретін болса, өте қиын болады. Сондықтан бұл сұрақ №57 бұйрықта 1,5 ставкадан реттелген", - деп жауап берді Қасымхан Сенғазыев.
Оның сөзінше, егер сағат саны 1,5 ставкаға толмаса, онда мұғалім түске дейін бір мектепте, түстен кейін екінші мектепте жұмыс істеуге құқығы бар.
Білім басқармасы басшысы директор мұғалімнің екінші мектепте жұмыс істеуіне тыйым салып, бұйрық шығара алмайтынын жеткізді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через