фото: https://www.istockphoto.com/
Алматыда алимент төлеуден жалтарған бір ғана азаматтың берешегі 63 миллион теңгеге жеткен. Қазір қалада баланың алдындағы міндетін өтеуден бой тасалап жүргендер бойынша 22 мың іс қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте айтылды. Борышкерлердің 10%-і тұрақты жұмысының жоқтығын алға тартады. Ондай жағдайда жұмысқа орналастыруға да қол ұшын созамыз, – дейді мамандар. Алайда әжептеуір табыс тауып жүрсе де, алимент төлемейтіндер бар. Жеке сот орындаушылар жақында осындай 200-ден аса азаматты анықтады. Әділет министрлігімен бірлескен автоматты жүйе борышкерлер туралы барлық ақпаратты алуға мүмкіндік беріп отыр.
Қазір берешегі 3 айдан асқан 1000 проблемалық іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сот орындаушылар борышкерлердің есепшоттарын бұғаттап, мүлкіне тыйым сала алады. Атап айтқанда, олардың автокөліктерін айып тұрағына қойып, ары қарай аукциондар арқылы сатуға рұқсат етілген. Алимент өндіру мәселесі медиативтік келісім шеңберінде де шешіліп жатады, – дейді мамандар. Мәселен, бір борышкер 3 бөлмелі пәтерді алимент бойынша ірі берешекті өтеу үшін берген.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через