Жамбыл облысында сібір жарасын жұқтырған үш адамның отбасы түгел тексеріліп жатыр. Ал ауру ошағы анықталған Талас ауданындағы Тамды ауылы 15 күндік карантинге жабылды.
Науқастар аудандық ауруханада жатыр. Жағдайлары қалыпты, бір аптада жазылып шығады дейді дәрігерлер. Олар сібір жарасын сиыр сойған кезде жұқтырған. Ірі қараның еті пеште өртелген. Мал сойған аула толық залалсыздандырылды. Ауру ошағы анықталған үйлерден барлығы 21 сынама алынған. Сондай-ақ індет Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының 46 жастағы тұрғынынан да анықталып отыр. Алайда оның ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз.
Нұржас Құрмантаев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Бір ғана ауылдың төңірегінде болып отырған оқиға. Даурығатындай ештеңе жоқ. Бізде облысымызда 100 жылдан бері сақталып келе жатқан сібір жарасының ошағы бар. Олардың бәрі тұрақты, күнделікті қадағалануда. Жылына 2 рет сынамалар алынып, зертханаға өткізіледі.
Дереккөз qazaqstan.tv. Фото dzen.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через