Біздің өміріміздегі мәдениет

Бөлісу

Бір аспанның хикаясы: Димаш Құдайбергеннің жаңа клипінің тизері шықты

  Бір аспанның хикаясы: Димаш Құдайбергеннің жаңа клипінің тизері шықты

 

24 қыркүйекте Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы тыңдармандармен фан-кездесуінде «Бір аспанның хикаясы» клипінің премьерасы өтеді.

Бұл жайында әншінің Instagram парақшасынан белгілі болды.

«Димаш Құдайбергеннің 12 минуттық жұмысы планетамыздағы адамдардың тату тіршілігіне арналған. Біз нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз бір планетаның перзентіміз және бір аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Өмір – ең жоғары құндылық. Ешқандай қасиетті кітап адам өлтіруге үндемейді. Біз дос болуды үйренуіміз керек, өйткені бір-екі ересек адамның кесірінен миллиондаған бала азап шекпеуі тиіс. Ғаламшарымыздың болашағы, адамзаттың болашағы өз қолымызда, әлемде тыныштық болсын. Біз бір үйдің, бір жердің, бір аспанның балаларымыз», - деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің хикаясына негізделген музыкалық бейнебаянды 24 қыркүйектен бастап тамашалауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через