Бір айда 6 мың мопед жүргізушісіне айыппұл салынды

Бір айда 6 мың мопед жүргізушісіне айыппұл салынды
фото: sportishka.com

Мопед жүргізушілерінің 6 мыңға жуық заңбұзушылығы тіркелді. Бұл самокатшылар мен мопед жүргізушілеріне қатысты заң күшіне енгеннен кейін, яғни соңғы 1,5 айда жол ережесін бұзғандар.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханының дерегінше, барлығына айыппұл салынып, жауапқа тартылған.

Жалпы жаңа ережеге сәйкес, мопед тізгіншілеріне рөлді бір қолмен ұстауға, жолаушы тасуға, ауыр жүк тасуға тыйым салынған.

Сондай-ақ, басында шлем, қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын затты тағып жүруі міндетті. Жол ережесін бұзғандар 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл төлейді.

Тағы қайталаса, оның мөлшері де өседі. Ал тыйым салынған жолақпен жүрген жағдайда 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл арқалайды.

Дереккөз qazaqstan.tv. Фото sportishka.com.