Биылғы қыркүйекте 102,2 мың автокөлік есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9 %-ға көп.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4 %-ға, жүк көліктері – 20,8 %-ға, ал автобустар саны 5,6 %-ға артқан.
Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мыңды құрады, оның ішінде 87,8 %-ы жеңіл автомобильдер, 10,2 %-ы жүк көліктері және 2%-ы автобустар.
1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңгеге 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через