Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді

Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді
фото: https://sputnik.kz

Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді

Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, оқу-ағарту министрлігі және ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатындағы президенттің қаулысы бойынша:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіне; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленді.

Қазақстан Республикасының үкіметіне қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігімен келісім бойынша қайта бөлу, осы жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі; Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;"; "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;" деген жол алып тасталсын", - делінген қаулыда.

Жарлықтың орындалуын бақылау президентінің әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Мәтіндегі ақпарат туралы