фото: https://sputnik.kz
Бензин мен дизель отынының қоры қанша күнге жетеді
Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдегі жанар-жағармай қоры қанша күнге жететінін айтты.
"22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайды, бұл қажеттілікті 14 күнге жабады. Дизель отынының қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді", - деді Ақшолақов үкімет отырысында.
Мұнай өңдеу зауыттарында Аи-92 – 71 мың тоннаны, дизель отыны – 53,4 мың тоннаны құрайды.
Аи-92 бензині бойынша жағдай тұрақты, жанар-жағармай құю станцияларының негізгі желілерінде шектеу жоқ. Бірақ, министрдің айтуынша, дизель отынын сату бойынша шектеулер (талондар мен карталар бойынша сату, лимит белгілеу) байқалады.
Ақшолақов қазіргі таңда мұнай өңдеу зауыттары дизель отынын жеткілікті мөлшерде өндіріп жатқанын атап өтті. МӨЗ-дегі қор шамамен 50 мың тоннаны құрайды, алайда МӨЗ-ден мұнай өнімдерін жөнелту жұмысы тұрақты емес. Бос вагон–цистерналар жеткіліксіз көлемде жеткізіледі, вагондарды жеткізу пунктеріне дейін жеткізу мерзімінің ұлғаюы байқалады.
Осыған байланысты министр логистикалық тізбектің барлық буыны, сондай-ақ мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Ақшолақов жаңа редакциядағы "мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу туралы" бұйрық 22 тамызда күшіне енгенін еске салды.
Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланады. Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайды. Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через