Бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым 6 айға ұзартылды.

 

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойды. Құжат ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Дереккөз Tengrinews.kz. Фото: aqmolanews.kz