Beeline су басқан аудандарда байланысты қалай қамтамасыз етіп отыр

Beeline су басқан аудандарда байланысты қалай қамтамасыз етіп отыр
фото: https://www.istockphoto.com/

       Beeline базалық станцияларды іске қосу үшін су басқан шалғай ауылдарда, қуат көзінен ажыраған аудандарда дизельдік генераторлардың жұмысын ұйымдастырып, жабдықтарды судан қорғау үшін бөгеттер салуда. Қазір компанияның инженер-байланысшылары байланысты қамтамасыз ету үшін тынбай жұмыс істеп жатыр. 

Жедел әрекет ету тобы

       Телефон интернетке қосылып, қоңырау шалу үшін ұялы желі дұрыс жұмыс істеу керек. Су тасқыны салдарынан оған қауіп төнді. Кейбір базалық станциялар су астында, ал кейбірі қуатсыз қалды. Өңірлердегі күшті ағысқа тек құрылымдар мен жолдар ғана емес, сонымен қатар электр желілері мен ұялы байланыс станциялары да төтеп бере алмады.

       Компания жабдықтың істен шығуы туралы сигнал түсе сала оқиға орнына мамандар тобын жіберді. Мамандарға межелі жерге жүзіп баруға тура келеді. Жарамсыз жабдық жаңасына ауыстырып, жарық жоқ жерде қуат беретін дизельді генераторлар қойылмақ. Жабдықты сондай-ақ су арқылы жеткізу қарастырылған. Сонымен қатар, тұрақты отын мен жанармай құю ұйымдастырылған. 

       Мамандар қазір тіпті су кешіп жүріп жұмыс істеуге тура келіп жатқанын жеткізді. Мысалы, 5 сәуір күні кешке Атырау, Құлсары және Ақтау қалаларын жалғайтын оптикалық кабель зақымдалған. Оны бөгет салу үшін топырақ өндіретін экскаваторлар іліп әкеткен. Өңірді су тасқыны жайлағанға дейін ақауды жою қажет болды. Ұялы байланыс операторының мамандары зақымдалған жерге су арқылы жетіп, түні бойы жұмыс істеді. Келесі күні таңғы 6-да "оптика" қалпына келтірілді.

Командалық жұмыс

       Оператордың жалғыз өзі шамасы келмейтін жерде мәселе ортақ күшпен шешіледі. Әкімдіктер мен тұрғындар жетіспейтін генераторларды қамтамасыз етеді. Ал Beeline инженерлері сол жерге барып, жүйені қосады. Мысалы, Қостанай облысы Жангелді ауданының Саға ауылына баруға мүмкіндік болмағандықтан, инженерлерге ұшқышы бар тікұшақ берілді.

Табиғи апаттан қорғау

       Атырауда базалық станциялар мен компанияның маңызды тораптарының айналасында қорғаныс бөгеттері салынуда. Су деңгейі кқтерілсе жабдық жоғарыда болады. Бұл пайдаланушылар үшін сигналды сақтауға мүмкіндік береді. Алайда, табиғи апатты барлық жерде айналып өту мүмкін емес. Станцияларды су басуы мүмкін жерлер бар. Сондықтан абоненттерге қажет болатын мүліктің бүлінуіне жол бермес үшін оларды арнайы жинап, алып кетеді.

Отандастарға көмек 

       Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен-ақ Beeline су басқан елді мекендерден эвакуацияланған 38 мыңнан астам абонентті жалпы құны 150 миллион теңгеден асатын тегін дыбыстық байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Су тасқыны жағдайы күн сайын өзгеруде. Сондықтан оператор апат аудандарына "цифрлық көмектің" жаңа пакеттерін дайындайды.

"Біз әрқашан байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан төтенше жағдайға тап болған отандастарды қолдауға әрқашан дайынбыз. Мақтааралдағы бөгет жарылған соң, Екібастұз ЖЭО-на апаттан кейін және Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен кейін де солай болды. Біз пандемияны да бірге бастан кештік. Қиын кезеңдерде бірігудің қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, өзіміздің коммерциялық қызметіміздің шеңберінен шығуға дайынбыз", - деді Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин.

       Сонымен қатар, Beeline Қазақстан компаниясы 2023 жылдың қыркүйегінде құрған Zhyly Zhurek Foundation қоры қаржылық көмек жинағын ашты. Көмектесуге ниетті әрбір жан өз үлесін қосып, отандастарын қолдай алады.

"Зардап шеккен отандастарға қалған қазақстандықтардың шетте қалмайтынын және оларға көмектесуге дайын екенін түсіну аса маңызды. Сондықтан біз әрбір абонентімізге шетте қалмауға және су басқан ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуге мүмкіндік беруді шештік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың арқасында мұны істеу өте оңай: өзіңіз үшін жеке қайырымдылық сомасын анықтап, телефонда бірнеше қарапайым әрекет жасау жеткілікті", — деп жалғастырды Beeline Қазақстан СЕО-сы. 

Зардап шеккендерге ақшаны қалай аударуға болады?

1-әдіс. "Менің Beeline-ым" қосымшасында:

  • "Төлемдер" бөліміе өтіңіз.
  • "Барлық төлем" бөлімінде "Қайырымдылық" бабын таңдаңыз.
  • "КФ Zhyly Zurek Foundation" бабын шертіп, соманы жазыңыз.
  • Төлеуді басыңыз. Сома теңгеріміңізден алынады.

2-әдіс. Simply қосымшасында

  • Басты экранда "Қайырымдылық" бөлімін таңдаңыз.
  • "КФ Zhyly Zurek Foundation" бабын шертіп, соманы жазыңыз.
  • Төлеуді басыңыз. Сома картаңыздан алынады.

3-әдіс. ussd-пәрменмен

  • Телефоныңызда *7777# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басыңыз.
  • Ашылған терезеде соманы жазыңыз. 
  • Жіберу пернесін басыңыз.

Stan.kz