Мемлекет

Бөлісу

Базалық зейнетақыны өсіру жоспарланып отыр

Базалық  зейнетақыны өсіру  жоспарланып  отыр

Базалық  зейнетақыны өсіру  жоспарланып  отыр

Қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақысы бұрын шыққан зейнеткерлермен салыстырғанда төмен, себебі еңбек өтілі аз

Қазақстанда базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақысы бұрын шыққан зейнеткерлермен салыстырғанда төмен, себебі еңбек өтілі аз.

"Сондықтан бірінші мәселе – базалық зейнетақының параметрлерін өзгерту, яғни оны көбейту. Екінші – ынтымақты зейнетақы мәселесін көтеру, оның да параметрлерін қарастыру. Біз барлық есебімізді жұмыс тобына өткіздік, енді екінші кезеңге шығып жатырмыз", - деді Дүйсенова парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Айтуынша, еңбек министрлігі жыл сайынғы бюджеттің 25%-ін төлемдерге жұмсайды. Мәселен биыл ведомствоға 4 триллион теңге бөлінсе, келесі жылы 4,5 триллион теңгеден асады.

"Біздің барлық есеп-қисабымыз қаржы министрлігі, ұлттық экономика министрлігінің тиісті департаменттерінде қаралып, тексеріледі. Қазір бірінші кезеңді аяқтадық. Енді екінші кезеңде қаржы және ұлтттық экономика министрлері деңгейінде қарастырамыз. Одан кейін республикалық бюджеттік комиссияға шығамыз", - деді Дүйсенова.

Сондай-ақ, министр зейнетақы аннуитеті арқылы зейнетке ерте шығу жүйесін жетілдіру мәселесі де талқыланатынын атап өтті.


Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через