Біз қалай өмір сүреміз?

Бөлісу

Бауыржан Оспанов малшыларын марапаттап, көлік мінгізді

  Бауыржан Оспанов малшыларын марапаттап, көлік мінгізді

       Ол бірнеше малшысына көлік, ат мінгізді. Белгілі мецанат Бауыржан Оспанов үздік малшыларын құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыстады.

       Бауыржан Оспанов малшыларына жайлы жағдай жасап қана қоймай, оларды марапаттап, ынталандыра білетін кәсіпкер. Ол бұл жолы шаруасындағы қызмет етіп жүрген азаматтарға ат мінгізіп, авкөліктер сыйға тартты.

      Ақшалай сыйақы алғандары да бар. Бейнежазбаны белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов өзінің Youtube-тегі арнасында жариялады. Ал видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

      "Жарайсың бауырым, шыққан шығының еселеніп қайтсын өзіңізге", "Тек қана құрмет және құрмет! Бауыржандай азаматпен ертеректе араласқаныма қуаныштымын!", "Атасына рахмет! Бауыржан ағамыздай ағалар көп болсын", "Керемет! Алла қолдасын!"," Бауыржан ағама тек денсаулық тілеймін, осындай қазақ ағамның барына қуанамын", — деп жазды желі қолданушылары.

      Alashainasy.kz

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через