Алматыдағы «Баум тоғайы» ерекше қорғалатын табиғи аумақ тізімінен шығарылған соң қандай күйге түсті?
Ерекше мәртебесінен айырылған атақты Баум тоғайында шығармащылық топ фильм түсірді.
Ағаштардың арасында, саяжолдар бойында автокөліктердің тізіліп тұрғанын Түрксіб ауданының тұрғындары жолдаған видеодан көруге болады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 4 қаулысы бойынша Баум тоғайы мемлекеттік табиғат ескерткіші саналады.
Бірақ 2018 жылғы желтоқсанда сол кездегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы No 865 Жарлығымен «Баум тоғайы» мемлекеттік табиғи ескерткіші «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» тізімінен шығарылды, нәтижесінде тоғай өзінің мемлекет қорғауындағы ерекше ескерткіш мәртебесін жоғалтты.
Соның салдарынан енді тоғай қалалықтар ойына келгенін істейтін, қоқыс тастайтын орынға айналып барады.
Фото elenitravel.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через