фото: sputnik.kz
Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
4 тамызда ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған бес шетел азаматын ұстады.
"Бұл адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан. Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды", - дейді ведомстводағылар.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через