Батыс Қазақстанда аулалар мен көшелерді еріген қар суы басып қалды

Батыс Қазақстанда аулалар мен көшелерді еріген қар суы басып қалды
фото: sputnik.kz

Батыс Қазақстан облысында күн жылынып, қардың тез еруіне байланысты үйлердің аулалары мен көшелерді қызыл су басып қалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"2023 жылғы 28 ақпан 16.00-ден 23.00-ге дейін +2 температура режимінде қардың жылдам еруі салдарынан Орал қаласы мен Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласы орталығының көшелері мен тұрғын үй аулаларында еріген қар суы жиналды", - деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды.

Қазақпарат