Біз көбінесе ойымыздағы жасаймын деген істі, ертеңге қалдырамыз. Болмайтын уәдемен өз-өзімізді алдаймыз. Сөйтіп әр күнімізді алдауман өткізіп жатқанымызды білмей қаламыз.Айналып келгенде қолымыздан келетін дүниені арманға айналып кеткенін де байқамай жатамыз.
Ойға алған істі орындау тәсілі
- Спортқа ден қою
Кем дегенде аптасына 30 минуттан 4 реттен жаттығу жаса.Түрлі спорттық жаттығуларға барамын деген жалпылама жоспарға қарағанда, алдағы қойған мақсатыңыз болса, онда Сіз мүддеңізге жетуге ақырындап жақындай бастайсыз. Себебі, неден бастау керектігін айқын білесіз.
- Жүйкеге салмақ түсірмеу
Ұйықтар алдына ескертпе қой, сонда 8 сағат толықтай демалуға мүмкіндік туады. Уақытылы ұйықтап, уақытылы оянуды дағдыға айналдырсаңыз ағзаңыз 2-3 күнде сол тәртіпке тез үйренеді. Біз әдетте күндіз жасап тастайтын жұмысты созып, кешкеге қалдырамыз. Содан ұйқы режимі бұзылады. Өз кезегінде ұйықтамаған соң әрине жиі –жиі тамақ жейсіз, содан артық салмақ қосып алғаныңызды білмей қаласыз
Британдық мамандардың зерттеуінше 7-12 сағат ұйықтайтын адамдарға қарағанда, 3-5 сағат қана ұйықтайтындар артық 385 калория қажет етеді екен. Сондықтан да ұйқының сапасына мән беріңіз. Мысалы Сіз ұйықтар алдында телефон қарап, кино көріп, болмаса кітап оқып, оны біраз ойша қорытып дөмбекшікп жатып алсаңыз, онда ұйқыға жаттым деп есептемесеңіз де болады.
- Зиянды тамақтарды жемеу
Егер ағзаңыз қант қосылған тәтті тағам қалап тұрса, онда оны жеміс-жидекпен алмастырыңыз. Тәтті тағамдар артық калория жинауға ғана сеп болады, басқа пайдасы жоқ. Әйелдер тәулігіне 25 грамм, ер азаматтар 36 грамм қант жесе жеткілікті.
- Дұрыс тамақтану
Адам тәулігіне төрт-бес мезгіл көкөніс жеуді дағдыға айналдыру керек. Ден-саулыққа зиян ғана әкелетін фасфут өнімдерін жеңіз келіп жатса, дереу жеміс-жидекпен орнын алмастырыңыз. Асқазан бірте-бірте үйренеді.
- Сырттан тамақтанбау
Көшеден тамақ жегенше үйден әзірлеп жегенге жетері жоқ. Алайда зиянды дәмдеуіштерсіз, майды өз мөлшерімен пайданған абзал.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через