фото: pixabay.com
Енді бәс тігетін жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, еліміздегі 11 букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар мәліметтерін салық органдарына беруге міндеттеледі. Ол жерде бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі, ұтыс сомасы мен нәтижесі, ойын шотындағы операциялары толық көрсетіледі. Жинақталған деректер құпия сақталады.
Қадағалау шарасы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Бұл қағидалар берілуге жататын мәліметтердің тізімін көздейді. Оның ішінде бәс тігуге қатысатын жеке тұлғалардың мәліметтері сондай-ақ, бәс тігу бойынша жалпы ақпарат. Сомалары, оның нәтижелері дегендей. Бұның құпиялылығы тиісті заңнама актілеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ерқанат Шыңберген, ҚР мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через