Алматыдағы клубтың бармені есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Standard.kz. Полиция қызметкерлері оның қылмыстық әрекетін өткен жылдың тамыз айында әшкереледі.
Мефедрон жеткізу арнасын анықтау іс-шарасы нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлерінің назарына қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің бармені түсті. Оның жұмыс орнында – түнгі клубтың бар кассасында мефедрон сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Күдікті есірткі сату кезінде қолға түсті, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Барды және жеке тінту кезінде одан сатуға дайындалған, ішінде мефедрон байламдары бар темекінің екі қорабы тәркіленді. Тергеу шаралары ұсталған азаматша тұрған үйде жалғасты.
Күдіктінің құрбысы есірткіден құтылғысы келді, бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды. Сатуға дайындалған 20 доза мефедроннан бөлек, электронды таразы, қаптама материалы және есірткі заты бар 3 байлам табылды, – деді Ерлан Әлмағамбетов.
Polisia.kz мәлімдегендей, Алматы сотының қаулысымен В. есімді азаматша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото newtimes.kz. almaty.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через