Банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді

Банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді

Елімізде банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді. Сондай-ақ, жағдайы қиындай түссе 7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

«Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде қаржылық жағдайға мониторинг жүргізу көзделген. Сол себепті азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет», - деді Ержан Біржанов.

Сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары арқылы жүзеге асырады. Яғни, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратындар әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары және аудиторлар.

«Азаматтардың төлем қабілеттілігі және банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу барысында аталған институт қалыптасқан елдердің тәжірибесі сараланды. Мысалы, Германия және АҚШ-та банкрот болған тұлғаға 10 жыл несие алуға тыйым салынады. Ал Ресейде 5 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды, басшылық лауазымға тағайындала алмайды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, рәсімдердің 3 түрін енгізуді ұсынып отырмыз», - деді Ержан Біржанов.

Фото: aussiedlerbote.denews.myseldon.com