Бангладеш пен Мьянма жағалауында жойқын дауыл соқты

Бангладеш пен Мьянма жағалауында жойқын дауыл соқты

       Бангладеш пен Мьянма жағалауларына қуатты циклон келіп, бесінші деңгейлі дауыл соқты.

       Мокко циклоны нөсер жауын мен 195 км/с дейін жылдамдықтағы жел әкеледі. Оның салдарынан Бенгал бұғазы маңында қауіпті су тасқыны болуы мүмкін. Төрт метрге дейін биіктіктегі толқындардың кесірінен ауылдарды су басуы, әлемдегі ең ірі босқындар лагері саналатын Кокс-Базарға қауіп төндіруі мүмкін. Онда миллион адам тұрады.
Синоптиктер Бангладеште соңғы жиырма жылдағы ең қуатты циклон болуы мүмкін екенін ескертті.
500 000-ға жуық адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.

       ҚазАқпарат