фото: Фото: Нұрболат Нұржаубай
Кәсіпкер төрт-түліктің қиынан бөлінетін биогаздың көмегімен экзотикалық жейдекті жайқалтып отыр.
Сондықтан да жылыжай жылу қосуды қажет етпеген.
Ізденуін тоқтатпайтын қызылордалық кәсіпкер жұмысын патенттеп алмақшы.
Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тұрғыны Ерлан Жаппасбаев жылыжайда бананнан өзге, түрлі жеміс-жейдек пен көкөністің бабын келтіруде.
Биіктігі 2,5 метр болған банан көшетін ол Өзбекстаннан алып келіпті.
"Банан көшетін Өзбекстан елінен алып келдім. Алдағы екі жылда өнім береді деп отырмын. Зерттеуім бойынша, бананның жемісін сатқаннан гөрі, көшетін сатқан әлдеқайда тиімді. Өйткені, бір банан жыл сайын 15-20 көшет береді. Оның әр түбін 10-15 мыңнан сатамын.
Тропикалық өсімдік біздің ыстықта жақсы өседі. Түркістан облысымен салыстырдық, оларда біздегідей бап жоқ. Күн қаншалықты ыстық болған сайын, банан ағашы биіктей түседі. Қазір бес түп бананым бар. Алғашқысы жемісін келесі жылы береді. Әр түптен 20 келіден өнім алуға болады", - деді кәсіпкер.
Бағбан бананның пайдасын да көп зерттегеннін айтады. Сондай-ақ, жұмысын жетілдіру мақсатында әлі де ізденуін тоқтатпайтынын жеткізді. Жалпы, банан Қазақстанда ең көп тұтынылатын жемістердің қатарында бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через