Балаңыздың мамандық таңдауына араласасыз ба?

Балаңыздың мамандық таңдауына араласасыз ба?

Дүниежүзілік ауыр індеттің кесірінен биылғы жылдың мектеп түлектері   мектеп қабырғасын аяқтап  ҰБТ тапсырып болды. Жастардың алдында "Қайда барамын, кім боламын?" деген сауал тұрғаны рас. Мамандық таңдау бұл өміріміздің ең күрделі шешімдерінің бірі. Мамандық таңдар алдыңда "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?", деген сұрақтарға жауап беріп, ойланғаны дұрыс. Себебі мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын. Тіпті оған ресми статистиканы келтірмей-ақ, оңай көз жеткізуге болады. Себебі күнделікті байқалатын көріністің өзгеретін түрі жоқ. Ал, егер келтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді. Көрші Ресей Федерациясы халқының 27 пайызының ғана дипломда көрсетілген мамандығы бойынша жұмыс істейтінін ресми басылымдарында жазды. Сонда мұның себебі қандай?  

Мойындауымыз керек қазіргі таңда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар өте көп. "Кеше ғана педагог мамандығын бітіріп, сатушы болып немесе дәрігерлік дипломы бар жас маман жүйке ауруынан қандай дәрілерді жазып беруді білмей, Интернеттен іздеп отырған жағдайлардың куәсі болатынымыз шындық. Бұл өз таңдауымызды кезінде дұрыс таңдамағанымыздың кесірі. Мамандардың жасөспірімдер мен олардың ата-анасына айтар кеңесі  балалары бір күн емес, жылдар бойы қандай мамандықты таңдағысы келеді, сол жөнінде жұмыс жүргізсе дейді. Бірінші ҰБТ тапсырып алсын, соның балына қарай көрерміз, деген сылтауды ересектер тарапынан көрсетілген енжарлық дер едім. Өйткені балаға дұрыс бағыт-бағдар беру ата-ананың міндеті. Мектепті бітірген бала ол өмірге енді аяқ басқалы тұрған сәби секілді, оған ертерек дұрыс бағдар  беру керек.

Рас қой жастардың көбі өз қалауын әлі күнге дейін білмейді. Бірен-саран алдына нық мақсат қойғандары болмаса, басым бөлігі ата-ананың айтқан оқу орнына құжаттарын тапсырады.

"Мамандық таңдау кезінде ата-ананың рөлі басымырақ түсіп жататыны бесенеден белгілі. Қазір ата-аналар көбінесе экономистік және заңгерлік мамандықтарды балаларына тықпалай береді. Ол баланың сол мамандық иесі болу құлқы бар ма, жоқ па онымен санаспайтын да болған. Мысалығ оқушылардан қандай оқу орнын таңдайсың  деп сұрап көріңші "мамам дәрігер боласың деді" деген жауапты аласыз. Бала өз таңдауымен сүйіп келген мамандығы болмаған соң, ол да кеттім-бардым оқып, әйтеуір бітіріп шығады. Дипломды ата-анасына әкеліп береді. Содан кейін ата-ана жүгіріп жүріп ол баланы мамандыққа мүлде жарасы жуыспайтын жұмысқа орналастырады. "Әйтеуір жалақы алып жүрсе болды" деген көзқарас. Сондықтан қазіргі таңда елімізде өз жұмысын тыңғылықты орындай алмайтын, оның байыбын аяғына дейін толық түсінбеген жас мамандар барлық салада жұмыс істеп жүр. Обал ақ. Айталық, дамыған мемлекеттерде мектеп бітіріп, бірден оқуға түсу керек деген түсінік жоқ.

"Дамыған елдерде мектептен кейін жоғары оқу орындарына жаппай құжат тапсыру деген үрдіс жоқтың қасы. Олар колледжден бастау алып, мамандықтарын игеріп, біраз жыл жұмыс істеп барып, алға қарай оқуға дайын болған кезде ғана ЖОО-ға құжаттарын тапсырады. Сол колледждің дипломымен бір саланың белсенді маманы болып жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Олар ЖОО-ның дипломын алуға асықпайды. Мысалы Швецияда құрылысшы, сантехник, кафель жапсырушы, өртсөндіруші мамандықтары құрметті қызмет саласы тобына жатады. Коллеждерді осы сала бойынша меңгеру үшін жастарға мемлекет арнайы гранттар бөліп қойған. Жалақылары да өте жақсы. Бізде керісінше, мектепті бітіре сала оң мен солын танымай тұрып, ЖОО-ға түсуге жанталасамыз және мектептен келген бала ЖОО оқытушы-профессорларын мектептегі мұғалімдеріндей көреді. Мектептегі мұғалім бір кітаппен жұмыс істейтін болса, бұл жерде ұстаздар күніне кем дегенде 4-5 кітаптан оқуға, конспект жасауға, кітапханадан материалдар іздеуге тапсырма беріп отырамыз. Оны да көтере алмай жататын балалар болады". Бұл шындық. Баламыздың болашағына балта шаппайық, Сіз қандай ой айтасыз. Айтар ой, қосар пікіріңіз болса Standard.kz  интернет желісіне жазыңыз.